Түркістан облысында әкім орынбасарының жанжалы видеоға түсіп қалды
Түркістан облысында Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Оразбаев Ерлан, Сайрам аудандық тергеу бөлімінің бастығы Нұржан Сұлтанбаев пен Сайрам аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімінің қызметкері Руслан Қайнаровтың арасында жанжал болды. Жазбаны DK NEWS YouTube-арнасы жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, ер адамдардың ерегісі "Қазына" дәмханасында орын алған. Жанжалдың видеосын куәгерлер түсіріп алған. Бейнежазбада әкімнің орынбасарына ұқсайтын ер адамның алдымен ер азаматтармен, сосын әйелмен жанжалдасып жатқанын байқауға болады. Сондай-ақ жазбада балағат сөздер кездеседі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі бейнежазбадағы азаматтың Ерлан Оразбаев екенін растады.
- Алматыда дәріханада ер адамның сегіз жасар қызды тонауы видеоға түсіп қалған
- "Кінәлілер жазаға тартылады": Әділет министрлігі 8 наурыздағы стриптиз-шоуға қатысты пікір білдірді
- Алматы облысында тасжолда көкпар ұйымдастырған тұрғын жазаланды (видео)
"Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Оразбаев денсаулығына байланысты еңбек демалысын алды. Әзірге оны жұмыстан босату немесе жазаға тарту мүмкін емес", – деп Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Сүлейменова OTYRAR тілшісіне мәлімдеді.
Түркістан облысының полициясы дәмханадағы оқиға 17 наурызда болғанын анықтады.
"Бейнежазбада көрсетілген оқиға 2022 жылдың 17 наурызында Сайрам ауданында болған. Бұл туралы жанжалдың куәгерлері бірден полицияға хабарлаған. Сайрам аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына жылдам жетіп, қажетті шараларды қабылдады. Анықталғандай, ерегескен азаматтар бір-бірімен туыс болып шықты. Олар бір-бірімен татуласып, арыз жазудан бас тартты. Осыған байланысты полиция қызметкері куәгерлердің қатысуымен мәлімдемелерден бас тарту туралы акт жасап, істі қараудан алып тастады", – делінген полиция мәлімдемесінде.