Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 9-сынып оқушысын өлтірді деп сотталған жігіттің ата-анасы үкімге наразылық білдірді

Түркістан облысында 9-сынып оқушысын өлтірген екі жігіттің сотына қатысты дау туды. Оқушы қыздан ақша бопсалап өлтірді деген күдіктілердің бірі – 19 жастағы Бейбарыс Берік. Сот оны 16 жылға бас бостандығынан айырды. Ал жігіттің ата-анасы мұның бәрі бұрынғы әкімнің ұлының қылмысын жасыру үшін жасалған әрекет екенін алға тартуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сюжетт

Қайғылы оқиға сәуір айында елді дүр сілкіндірді. Төрткүл ауылында 11- сынып оқушысы мен оның 19 жастағы танысы 15 жастағы Аружан Орынбайға ұқсайтын жартылай жалаңаш қыздың суретін көрсетіп, одан миллион теңге ақша сұраған. Бопсалап, кейін оны өлтірген. Пышақ жарақаты бар оқушының денесі арықтан табылды.

Ал екі айыпталушы өткен аптада кінәлі деп танылды. Олардың бірі 11-сынып оқушысы бұрынғы ауыл әкімінің ұлы болған. Ол қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ал 19 жастағы Бейбарыс Берік 16 жылға бас бостандығынан айрылды.

Енді Бейбарыстың ата-анасы ұлдарының бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін жеткізіп, сендіруде. Айтуларынша, сол түні Бейбарыс ауылда мүлде болмаған. Ал қанды оқиға орын алған жерде камералық жазбалар өшірілген. Сотталушының анасы екінші айыптының жазасын жеңілдету үшін ұлының жазықсыз құрбан болып отырғанын алға тартты. 

“Ешқандай айғақ, телефонда, денеде немесе киімдерде қан іздері болған жоқ. Төлептің әкесі кафеде полициямен бірге үнемі отырды, мұны бәрі көрді. Осыдан кейін олар шындықты қайдан айтсын? Ол жерде менің ұлым мүлде болмаса, не үшін ДНҚ тестін жасайды? Полицейлер болса оны ұрып-соғып, радиаторға байлаған. Басына сөмке кигізіп, бірнеше рет есінен танып қалған”, – деді Қызжібек Әлиева.  

Талқылау