Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында оқушы өгей әкесіне зорлады деп жала жапты: Кейін полиция қыздың анасынан 600 мың теңге талап еткен

Түркістан облысында 7-сынып оқушысы өгей әкесін жыныстық зорлық жасады деп айыптап, жала жапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ria.ru

2023 жылдың маусым айында Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып 7-сыныпта оқитын немересіне өгей әкесі жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданған. Полиция арызды қабылдап, күдіктіні қамауға алған.

Келесі күні күдіктінің әйелі полиция бөліміне келіп, қызының өгей әкесімен "тату болмағанын" айтқан. Оның айтуынша, өгей әкесі қызына ұлдармен телефонмен көп сөйлескені үшін жиі ұрысқан. Осыған байланысты олардың арасында үнемі қақтығыс болған екен. Анасының айтуынша, қыз әжесіне өгей әкесі туралы негізсіз өтірік айтқан.


"Орамал тақпағандарды зорламағанда, кімді зорлайды": Роза Әшірбаева имам Нұрсұлтан Рысмағамбетке шүйлікті


Оқушы қызға қатысты сот-медициналық сараптама сексуалдық зорлық-зомбылық белгілерін анықтаған жоқ. Кейінірек қыздың өзі өгей әкесіне жала жапқанын мойындады.

Алайда тергеуші істі жабу үшін қыздың анасынан 600 000 теңге талап еткен. Әйел оған алдымен 30 000, кейін тағы 20 000 теңге төлеген. Толық ақталған күдікті қамаудан босатылып, қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылыпты.

Алайда тергеуші жала жабу фактісін 7-сынып оқушысы оқитын мектепке хабарлаймын деп қорқытып, қалған 550 000 теңгені талап етуді жалғастырған.

Әйел Түркістан облысы ПД ішкі қауіпсіздік бөліміне хабарласқан.

2023 жылдың қыркүйек айында бопсалаумен айналысқан полицей 200 000 теңге алып жатқан жерінде ұсталды.

Тергеуші өз кінәсін толық мойындады.

Еске салсақ, бұған дейін Орал тұрғыны өз қызын зорлады деп айыпталған 4 жасөспірімді ақтауды талап еткені туралы жазған едік.

Талқылау