Түркістан облысы тұрғындары көшеде кәмпит таратып жүрген шетелдіктерді көріп шу шығарды
Түркістан облысында балалар мен қарттарға тәтті таратып жүрген шетелдік қонақтар тұрғындардың көзіне түсті.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлады.
Бұл сәтті видеоға түсіріп, желіге жариялағандар да бар. Ал, жергілікті билік олардың туристер екенін айтады. Ешқандай вирус емес, тәттілер таратып жүргенін мәлімдеді.
"Қазір Қытайда ауру тарап жатыр. Бәрінен сақтану керек. Полицияда жалған ақпарат үшін өзімізді жауапқа тартылатынымызды айтты", - дейді Клара Сәткен.
Мектеп директорлары да тұрғындарды тыныштандыруға шақырды. Ал видеоны желіге жариялағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жыл сайын Шымкент пен Түркістан облысына 30 мың турист келеді. Мамандардың айтуынша, биыл одан да көп болуы мүмкін. Себебі Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған