Түркияда полиция діни қозғалыс қатысушыларынан 200 келі алтын тәркіледі
Түркияда ақша жылыстату ісін тергеу барысында құқық қорғау органдары "Сүлейменшілер" діни ұйымының жетекшісі Алихан Куриштің ағасы Хильми Туна Куриштің үйінен шамамен 200 келі алтын құймасын тәркіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TRT Haber порталына сілтеме жасап хабарлады.
Тінту жұмыстары Алихан Куриштің ағасы Хильми Туна Куриштің үйінде жүргізілген. Тәркіленген алтынның нарықтағы құны шамамен 1,34 миллиард түрік лирасы немесе 28 миллион доллар деп бағаланып отыр. Әзірге алтынның қайдан алынғаны анықталған жоқ.
13 тамызда осы іске байланысты 38 адам ұсталды. Олардың арасында ұйым жетекшісі Алихан Куриш те бар. Сот 32 күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды, ал қалғандары сот бақылауымен босатылды.
“Анкара прокуратурасы 43 адамды ұстауға ордер берген. Олардың кейбірі қазір елден тыс жерде жүр”, – деді Түркияның Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи.
Сектаға қарасты компанияларға сыртқы басқарушылар тағайындалды.
"Сүлейменшілер" – Түркияда XX ғасырдың ортасынан бері жұмыс істеп келе жатқан ықпалды діни ұйым. Ұйым Құранды оқыту курстарын ұйымдастырумен танымал. Оның Түркияда және шетелде елеулі қаржылық ресурстары бар.
