Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті: Тоқаевтың ұсыныстары мен ұйымға мүше ел басшылары қол қойған маңызды құжаттар тізімі жарияланды

Түркі мемлекеттерінің саммитінде Тоқаев ұйымның туларын және эмблемаларын бір үлгіге келтіруді ұсынды. Ұйымға мүше елдерге тағы басқа бірнеше ұсынысын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде келесідей ұсыныс білдірді:

▪️ "Түркі әлемі" атты жаңа брендті дәріптеу; 

▪️ ұйымның туларын және эмблемаларын бір үлгіге келтіру; 

 ▪️ түркі елдерінде түсірілетін телехикаялар мен анимациялық фильмдерді насихаттау; 

▪️ түркі мемлекеттерінің сайлау саласындағы ынтымақтастығын нығайту; 

▪️ тауарларды ортақ нарыққа шығару үшін стандарттарды жүйелеу; 

▪️ биыл ұйым мүшелері арасындағы тауар айналымы 22 млрд доллардан асты, бұл көрсеткішті 1,5 есе ұлғайту;

▪️ Қазақстанда қауіпсіздік кеңесі хатшыларының отырысын және халықаралық энергетикалық форумды өткізу.

Сондай-ақ, саммит барысында қол қойылған құжаттар тізімі де шықты: 

▪️ Астана Актісі;

▪️ Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы; 

▪️  Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

▪️ Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі; 

▪️ Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім; 

▪️ Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

▪️ Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім; 

▪️ 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;

▪️ Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;

▪️ "Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені" әзірлеу туралы шешім;

▪️ Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама; 

▪️ Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Еске сала кетейік, Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті өтуде. Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысып жатыр.

Талқылау