Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті басталды
Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: aqorda_resmi
Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысып жатыр.
Мерейтойлық саммитте геосаяси және геоэкономикалық жағдайлар талқыланатын болады.
Еске сала кетейік, 2021 жылғы 12 қарашада Ыстанбұлда өткен Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі саммитінде Түркі кеңесінің атауы Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгертілген еді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген