Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түріктер Ерке Есмаханға ерекше тосынсый жасады

Танымал әнші Ерке Есмаханға түріктер ерекше тосынсый жасап, өнер иесін қатты қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Мегажұлдыз күйеуі мен ұлын және қос анасын алып, демалысқа аттанған еді. 

“Эстрада жұлдызы тоқтаған қонақүйдің ұжымы теңізде кемемен жүзіп келе жатқанда оған "Erke" деген жазуы жазылған лазер шоуын көрсеткен. "Тосынсыйға рақмет", – деп алғысын білдірді отандық шоу бизнес жұлдызы. 



Айта кетейік, жақында ғана Парижден келген өнерлі отбасы енді теңіз жағасында демалып жатыр. Жұлдызды жанұяның бұл жолғы сапарына әншінің тұңғыш ұлы Муслим бармаған. Ол волейболдан жарысқа қатысып, ел намысын қорғамақ. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Еске салайық, желі қолданушылары Ерке Есмаханның құны 12 миллион теңге тұратын сөмкесін талқылаған еді. 

Талқылау