“Түнде ұйықтадым”: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Астанада мұнайшылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Дәлет Тұрлыханов елордаға жиналған Жаңаөзендік жұмысшылар жайлы ойын айтты. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеода мәжілісмен Астанада мұнайшыларды ұстау кезінде не істегенін айтады. Сөзінше ол бұл жағдайды білмеген. Әрі ұйықтаған. Диалог былай өрбиді:
- Сіз ұстау кезіндегі бейнежазбаны көрген жоқсыз ба?
- Жоқ.
- Естіген де жоқсыз?
- Нені естуім керек…
- Ұсталғандар туралы ақпаратты естімедіңіз бе?
- Жоқ, түнде ұйықтадым мен.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада ереуілге шыққан мұнайшылардың ұсталғанын жазған едік. Кейін бас прокуратура бұл жағдайға пікір білдірді.
Әйел 20 мың теңгені ұсақтау үшін 2 500 теңге комиссия ұстаған қазақстандық банкке шағымданды
Бұл жағдай желіде де қызу талқыға түсті
"Жай мектепке қабылдамайды": Алматыда 200-ден астам ерекше бала тегін оқу мүмкіндігінен айырылу алдында тұр
Жиналыста ата-аналар мен басшылық арасында үлкен дау туындады
