Нұр-Cұлтанда екі адамды түлкі тістеп алды
Нұр-Сұлтанда 15 минуттың ішінде екі тұрғын түлкі тістеп алды деген шағыммен дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Анықталғандай, 8 наурыз күні "Керуен-сити" сауда үйінің аумағында әйелдердің бірін түлкі тістеп алған.
"Екінші тұрғынды "Думан" қонақүйі жағынан орталық саябаққа қарай келе жатқанда кезде түлкі тістеген. Жануар әйелдің ізінен еріп, аяғынан тістеген. Екі жағдайда да жәбірленушілер түлкіні ызаландыратын ешқандай әрекет жасамаған", – деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Елорданың травматологиялық пункттерінде зардап шеккендерге құтыруға қарсы көмек көрсетіліп, кешенді емдеу жүргізіліп, зардап шеккендер аумақтық емханаларда терапевтік-профилактикалық егу жұмыстарын жалғастыратыны атап өтілді.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан