Туған әкесін өлтірген: Сотта апалы-сіңілілер ақталып шығуы мүмкін
2018 жылы өзінің туған әкесін өлтірген апалы-сіңілілер ақталып шығуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аталған басылым қаралып жатқан қылмыстық істе әкесін өлтірген үш қыздың оқиға құрбаны деп танылуы мүмкін екенін айтты. Тергеу амалдары барысында апалы-сіңілілердің қылмысты әкесі тарапынан жасалған қорлыққа шыдамай жасағаны белгілі болған. Сондай-ақ қыздарының қолынан өлген 57 жастағы Михаил Хачатурянның жүйке ауруына шалдыққаны белгілі болды.
«Ол өз қыздарын аяусыз ұрып-соғып қана қоймай, оларды жыныстық қатынасқа итермелегені белгілі болды», - деп жазады басылым.
Күдікті ретінде қолға түскен Кристиана, Ангелина және Марияның қорғаушылары күні кеше тергеу комитетінің қаулысын қолға алды. Ол жерде қыздар әкесі тарапынан көрсетілген зорлық-зомбылықтың құрбаны болды деп жазылған.
Егер апалы-сіңілілердің қылмысты өзін қорғауы үшін жасалғаны белгілі болса, онда олар кінәсіз деп танылады.

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген": Қазақстандық азамат ИП-сін жалға беріп, алаяқтардың құрбаны болды
