Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамптың "сауда соғысы" криптовалюта нарығын күйретті

АҚШ президенті Дональд Трамптың сауда соғысы кезінде криптовалюта айтарлықтай құлдырап барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Coinmarketcap сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay

Әлемдік криптовалюта нарығының жалпы капитализациясы 3,09 триллион доллар. Соңғы 24 сағатта ол 8,8 пайызға төмендеді.

Bitcoin (BTC) 95,1 мың долларға, Ethereum (ETH) - 2,5 мың долларға, Toncoin (TON) - 3,8 долларға, XRP - 2,4 долларға, Cardano (ADA) - 0, 7 долларға дейін төмендеді. Бір күнде 20 пайызға немесе одан да көп құлдыраған криптовалюталар бар.



Сарапшылардың сөзінше, АҚШ, Канада, Мексика және Қытай арасындағы сауда соғысы инвесторларды қобалжытып отыр. Өйткені бұл шектеулер экономиканы бәсеңдетуі және қаржы нарықтарында белгісіздік тудыруы мүмкін дейді. Дүрбелең жағдайында инвесторлар криптовалюта сияқты тәуекелді активтерді сатады және ақшаны алтын және мемлекеттік облигациялар сияқты қауіпсіз активтерге ауыстырады.

Айта кетейік, бұған дейін Биткоин бағасы рекордтық деңгейге жетіп, 96 812 долларға дейін өскен еді. 

Талқылау