Трамптың кеңесшілері Украинаның НАТО-ға кіруін 20 жыл кейінге қалдыруды ұсынды
Трамптың кеңесшілері Украинаның НАТО-ға кіруін 20 жыл кейінге қалдыруды ұсынды. Осылайша екі ел арасындағы соғысты тоқтатпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AP/Evan Vucci
Басылым АҚШ-тың жаңа сайланған президентіне жақын үш адамға сілтеме жасайды. Жоспарға сәйкес, Украина мен Ресей ұзындығы шамамен 1300 шақырым болатын майдан сызығының бойында қарусыздандырылған аймақ құруға келісім жасасды.
Трамптың айналасындағылар жоспарлағандай, еуропалық әскерлер бітімгершілік ретінде әрекет етуі керек. Ал америкалықтар бұған қатыспайды, ақша да төлемейді.
Киев кем дегенде алдағы 20 жылда НАТО-ға кіру жоспарынан бас тартуы керек. Ал АҚШ өз кезегінде Ресейдің ықтимал екінші шабуылын болдырмау үшін Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырады.
Трамп Ресей мен Украина соғысын реттеудің нақты бейбіт жоспарын әлі бекіткен жоқ. Ол кеңесшілердің бұл нақты ұсынысына құлақ аса ма, жоқ па, белгісіз.
"Арықтататын дәрі ішемін деп бір өлімнен қалдым": Қазақстандық қыз-келіншектер салмақ тастау үшін денсаулығын қалай қатерге тіккенін айтты
Арықтататын өнімдерді қабылдағаннан кейін денсаулығында түрлі жағымсыз өзгерістер болғанын жазған қыз-келіншектер аз емес
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"