"Американы қайта ұлы етемін": АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп несімен есте қалды?
3 қарашада АҚШ-та өткен президенттік сайлаудың қорытындысына сәйкес Дональд Трамп президенттік өкілеттілігін сақтап қала алмады. Өзінің сайлау қорытындыларымен келіспейтінін, бұған қоса, сотқа жүгінгенімен ол ресми түрде билік тізгінін бүгін босатты. Саясатта да, бизнесте де жетістікке жеткен, АҚШ тарихында екі рет импичмент жарияланған Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті Дональд Трамп ел есінде несімен есте қалды? Біздің материалымыздан оқи аласыздар.
Балалық шағы
Дональд Трамп 1946 жылы 14 маусымда Нью-Йорк штатының Квинс қаласында жылжымайтын мүлік магнаты Фред Трамптың отбасында дүниеге келген.
Мектепте бұзық бала болғандықтан Трамп 13 жасында әскери академияға жіберіледі. Ол жақта жақсы спортшы әрі ұйымдастырушы ретінде көзге түседі.
1968 жылы Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебін экономист мамандығын бітіріп, әкесінің мекемесіне жұмысқа тұрады.
Бизнеске келуі
1971 жылы Трамп әкесі құрған жылжымайтын мүлік компаниясының президенті болады. Кейіннен ұйымның атауын "The Trump Organization" (Трамп ұйымы - ред.) деп өзгертіп, Манхэттенге көшуді ұйғарады. Бұл жақта бизнесін дамытып, қызмет ауқымын кеңейтіп, ғимараттардың, қонақ үйлер, казино мен гольф алаңқайларының құрылысымен айналысады.
90-жылдардың соңынан бастап Трамп төбесі көкке жететін ғимараттардың құрылысымен айналысуға бет бұрады. Сол кездің өзінде Трамп кәсіпкер ретінде атын шығара алды. Тіпті, ол өзінің атын лицензиялаудан өткізіпті: құрылыс ұйымдары Трампқа жобаны танытушы ретінде ақша төлейді. АҚШ-тың 45-ші президентінің бұл бизнесімен қазір оның балалары айналысады.
1996-2015 жылдары "Әлем аруы" байқауын ұйымдастырушы "Miss Universe Organization" ұйымын басқарды.
Трамптың президенттікке келгендегі табысы $3 млрд құраған, дегенмен өзі материалдық жағдайын 10 млрд доллар деп бағалаған. Бүгінде Трамптың капитиалы Bloomberg мәліметтеріне сәйкес, 2,7 млрд долларға дейін азайған.
Дональд Трамп әкесі Фред Трамппен бірге
Телевизияға аяқ басуы
2003 жылы "The Apprentice" (Шәкірт - ред.) ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырып, өзі продюсер әрі жүргізуші болған. Бағдарлама АҚШ халқының арасында танымалдыққа ие болып, 2015 жылға дейін көрсетіліпті.
Бірнеше рет өз-өзін әзіл ретінде "Один дома-2", "Няня", "Принц из Беверли-Хиллз", "Дни нашей жизни" фильмдері мен телехикаяларын сомдағаны үшін екі мәрте беделді Emmy сыйлығына номинацияланған.
Отбасы мен жеке өмірі
1977 жылы Трамп чехиялық Ивана Зельничковамен отбасы құрады. Олардың үш баласы бар: ұлдары Дональд пен Эрик және қызы Иванка. 1992 жылы ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен.
1993 жылы Трамп Марла Мейплзке үйленеді. Олардың бір қыздары бар. Трамп 1999 жылы екінші әйелімен де ажырасады.
2005 жылы АҚШ-тың экс-президенті үшінші мәрте үйленеді. Бұл жолғы оның таңдауы Слования тумасы фотомодель Мания Кнавс (қазір тегін Трамп деп өзгерткен - ред.). Екеуінің Бэррон есімді ұлдары бар. Айта кетерлік жайт, Дональд Трамп президенттік сайлауда жеңіліс тапқаннан кейін Мелания Трамп онымен ажырасатындығын мәлімдеді.
Дональд Трамп қазірде жеті баланың атасы.
Саясатқа бет бұруы
Трамп 1987 жылы ел саясатына қызыға бастайды. Ол АҚШ-тың президенттігіне 1999 жылы Реформалар партиясының атынан, 2012 жылы Республикалық партияның атынан ұсынылған. Бірақ бұл кездері ол алғашқы праймериз үдерісінен кейін өз кандидаттығын кері қайтарып алады.
2015 жылы ол Американың 45-ші президенті болуға үмітті екенін жариялайды. Кәсіпкер сайлау алды кампанияда "Make America Great Again" (Американы қайта ұлы етейік) ұранын ұстанып, сол кезде АҚШ экономикасын нығайтып, Мексика мен мемлекет арасында шекара орнатып, мұсылмандардың елге келуіне шектеу қоятынын жар салады.
2016 жылы қарашадағы сайлауда жеңіске жетіп, АҚШ-тың ең кәрі президенті атанады (Трамптың жасы президенттіке алғаш келгенде 70-те еді. Қазір бұл атаққа президенттік сайлауда жеңіске жеткен 78-жастағы Джо Байден ие - ред.). Мұнымен қоса, Дональд Трамп әскери салаға, заңға және саясатқа бұрын-соңды араласпаған АҚШ-тың алғашқы президенті болады.
Дегенмен былтырғы сайлауда Трамп демократ Джо Байденнен жеңіліс табады. Саяси науқанның нәтижелеріне сәйкес, Америка штаттары сайлаушыларының 306-сы Байденге дауыс берсе, қалған 232-сі Трампты қолдаған.
Трамп бірнеше рет ел алдына шығып сайлау қорытындысымен келіспейтінін айтып, өзінің жеңгенін мәлімдейді. Тек 7 қаңтарда экс-президент өзінің жеңіліс тапқанын жария етуге мәжбүр болады.
- Трагедияға толы өмір. Мәсімовпен кездескен: Сіз кімсіз Байден мырза?
- "Американы Қазақстан қызықтырмайды": Сарапшылар АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі елімізге қалай әсер ететіні жайлы айтты
Дональд Трампты "атақты еткен" жанжалдар
Дональд Трамп 2016 жылғы сайлаулды кампаниясы кезінде Ресеймен байланысы бар деп айыпталады. Мәскеу тарапынан кибершабуылдың іздері расымен де 39 штатта анықталған, алайда Трамптың өзі болса бұл жағдайларға қатысын жоққа шығарады.
Сонымен қатар, сайлауалды кампания тұсында он әйел Трампты жыныстық әлімжеттік көрсетті деп кінәлапты. Кикілжің "Washington Post" Трамп түскен 2005 жылғы бейнежазбаны жариялағаннан кейін пайда болған. Видеоүзіндіде Трамп танымал болғандықтан, әйелдерді сипап, ұстай алатынын айтыпты. Бұл жолы да ол барлығын жоққа шығарып, әйелдерді сотқа беремін деп қорқытыпты.
2017 жылы Buzzfeed басылымы ресейлік арнайы органдардың Трамптың атына кір келтіретін материал жинақтамалары негізінде дайындалған баяндаманы жариялайды. Онда Трамптың Ресейде болған іс-сапарында қонақ үйге жезөкшелерді шақыртқаны туралы айтылған. Дегенмен мұның барлығын саясаткер жалған екенін айтады.
Онымен қоймай, Трамп порнографиялық видеолардың әртісін зорлаған және онымен қатынаста болғаны туралы да айтылыпты.
2019 жылы Трамп Украина билігінен қысым жасалды деп айыпталды. БАҚ-та таралған ақпаратқа сүйенсек, ол өзінің қарсыласы Джо Байденнің ұлының құйтырқы іс-әрекеттері жайлы Украина президенті Владимир Зеленскийдің қазбалауын сұраған. Осыған орай, Трампқа қарсы алғашқы импичмент жарияланып тергеу жүргізіледі. Десек те 2020 жылдың 20 ақпанында АҚШ Сенаты президентті ақтап алады.
Президент импичментінің америкалық тәжірибесі: АҚШ-тың импичмент жарияланған президенттері кімдер
2020 жылы Дональд Трамп Иранның әскери қолбасшысы Касем Сүлейменидің өміріне қастандық жасады деп айыпталды. Екі ел арасында келіспеушілік пайда болып, оның арты Үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласа жаздады.
Былтыр Трампты COVID-19 қарсы жеткілікті шаралар қабылдамағаны үшін сынға алғандар көп болды. Өйткені әлем бойынша АҚШ өлім деңгейі бойынша көш бастап тұр.
Мұнымен қатар, ел президенті 2020 жазда АҚШ-та қара нәсілді азаматтың қазасына байланысты орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге көз жұма қарады деп айыпталыпты.
Трамптың жақтаушылары 6 қаңтарда Вашингтонда орналасқан Капитолий алдында митингке шығып, Трамптың "Біз ешқашан берілмейміз, жеңілісті ешқашан мойындамаймыз" деп айтқан сөзінен кейін ғимаратты басып алады. Соның салдарынан бірнеше адам қаза болып, Дональд Трамп елді бүлікке шақырды деп айыпталады. Бұған қоса, өкілдер палатасы Трампқа қарсы екінші рет импичмент жариялайды.
- Байден Вашингтондағы тәртіпсіздіктер үшін Трампты кінәлады
- Вашингтондағы наразылық акциясында Қазақстанның туы көзге түсті
Трамп және Қазақстан
Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен жылдар бойы келе жатқан дипломатиялық қарым-қатынасын әрі қарай жалғыстырды. 2016 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трамп президенттік сайлауда жеңісімен құттықтап, әріптесін Қазақстанға шақырады.
2018 жылы 17 қаңтарда екі ел президенттері АҚШ-та кездеседі. Өз кезегінде Трамп Назарбаевтың БҰҰ мүшесі ретінде ядролық қарудан бас тарту бойынша жасалған жұмыстарын жоғары бағалады. Олар жергілікті қауіпсіздік, қорғаныс салалалары, экономикалық серіктестікті жалғастыру бойынша мәселелерді талқылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп
2019 жылы Трамп Елбасының отставкаға кетуіне байланысты хат жолдаған. Кейіннен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевті билік басына келуімен құттықтайды.
Сол жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы жиналысының аясында Трамп Тоқаевпен де кездесіп, екі ел арасындағы ынтамақтастық жайлы сөз етеді. Тіпті, Қазақстан президенті әріптесін Қазақстанға шақырды.
Дональд Трамп президент болған тұсында үнемі Қазақстанға құттықтау хаттарын жолдап отырады. Мәселен, былтыр ол қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен, Тоқаевтің президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуымен және Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған.
Өз кезегінде Тоқаев та әріптесі коронавирус жұқтырған кезде оған саулық тілеп жатты.
- АҚШ президенті Марат Омаровты Америкаға шақырды
- "Қазақстан 30 жылда бермеген нәрсені Нью-Йорк маған 4 жылда берді": Қазақ азаматы АҚШ-та иммигранттарға арналған хостел ашты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Дональд Трамп және Мелания Трамп
Трамп сауда байланысында Қытаймен ат құйрығын кесті
2019 жылдың қорытындысына сәйкес, АҚШ-тың саудадағы басты серіктесі Мексика болды (сауда айналымы $614 миллиардқа жеткен), екінші орында Канада ($612 млрд), Ал Қытай үшінші орынға табан тірепті ($558 млрд). Бұл жылы да ешнәрсе өзгермеген. Сондай-ақ, Трамп Қытайдың бірқатар ірі ұйымдарына қарсы санкциялар енгізеді.
Трамп билігі кезінде АҚШ бірқатар халықаралық келісімдерден бас тартты:
Ресеймен ашық аспан келісімі;
Иран бойынша ядролық келісімі;
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйым;
БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесі;
ЮНЕСКО;
БҰҰ Қиыр Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету жұмыстары бойынша агенттік.
Еске салайық, бүгін 20 қаңтарда Джо Байден ресми түрде президент атанады.