АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде көш бастады: Трамп себебін түсіндірді
АҚШ әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көшбасшы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елде бейсенбі күні кешкі жағдай бойынша коронавирусты жұқтырудың 81 321 жағдайы тіркелген. Бұл Қытай, Италия немесе әлемнің кез келген басқа елдеріне қарағанда көп.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 27 наурыздағы сағат 3:10-да АҚШ әлемде жұқтырғандар саны бойынша бірінші орынға шықты — 82 404 адам.
АҚШ президенті Дональд Трамп аталған жағдайға түсініктеме берді.
АҚШ-тың жұқтырғандар саны бойынша көшбасшылығының себебі жаппай тестілеу өткізу болды, деп түсіндірді Трамп. Оның айтуынша, Құрама штаттарда басқа елдерге қарағанда көбірек сынақ жүргізілген.
Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 120 адамға жетті.
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты
Жақындарының сөзінше, оны сыныптасы жоғары сынптың балаларының айтуымен ұрған
Наурыздағы кездейсоқ кадр: Қазақстандық апа италиялық Vogue журналына қалай шықты
Фотографтың айтуынша, 4 жыл бойы Vogue-ға өзінің жұмыстарын жіберіп келеді