Трамп АҚШ-тың оңтүстік шекарасын жапты
АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз иммигранттар үшін АҚШ-тың оңтүстік шекарасын жабу және оларды депортациялауды күшейтуге бағытталған жарлықтарға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Reuters.com
Ақ үй жариялаған ресми ақпаратқа сәйкес, Трамп ішкі қауіпсіздік министрлігіне, әділет министрлігіне және мемлекеттік департаментке оңтүстік шекара арқылы шетелдіктердің АҚШ-қа физикалық кіруін дереу тоқтату, репатриациялау және заңсыз иммигранттарды АҚШ-тың оңтүстік шекарасы арқылы елден шығару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырған жарлыққа қол қойды.
-
ДДСҰ-дан шығу, өлім жазасын қалпына келтіру: Трамп АҚШ-та бірқатар өзгерістер енгізді
-
"Американың алтын ғасыры басталды": Трамптың президент ретінде алғаш сөйлеген сөзі
Сондай-ақ CNN басылымының мәліметінше, Пентагон алдағы уақытта АҚШ-Мексика шекарасына 1,5 мың әскери қызметкер жібермек.
Еске салсақ, 20 қаңтар күні Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті ретінде ресми түрде қызметіне кіріскен еді. Трамп ұлықтау рәсімінен кейінгі сөзінде оңтүстік шекарада ұлттық төтенше жағдай жариялап, миллиондаған заңсыз иммигрантты еліне қайтаратынын айтты.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді