Трамп 561 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өз жақтастарына сөйлеген сөзінде үш қылмыстық іс бойынша жалпы 561 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жемқор әділет министрі қисық Джо маған тағы да заңсыз айып тағып отыр. Мәліметтер бойынша, мен 561 жыл түрмеде отырамын. Бұл алты өмір. Бірақ кімде-кім басқа адамды алты өмірлік мерзімге түрмеге отырғызғысы келсе, ол өзінің қорқақтығын көрсетеді", – деді Дональд Трамп.
Трамп өз жақтастарын "Американың тиранияға түсуіне бейбіт түрде қарсы тұруға" шақырды. Өзінің сайлау науқанында көмек қолын созуды өтінді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трампқа 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін жоймақ болғаны үшін ресми түрде айып тағылғаны туралы жазған едік.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”