"Қалдық шықты": АҚШ Toyota Tundra и Lexus LX көліктерін кері қайтарып жатыр
АҚШ-та Toyota компаниясы 102 мың Tundra пикап пен V6 қозғалтқыштары бар Lexus LX жол талғамайтын көлікті кері қайтарып алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zr.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Zr.ru
Toyota-ның бұл көліктерінің қозғалтқышынан қалдық табылып, салдарынан көліктер жүрмей қалған. Өндірісте оларды өңдеген кезде 3,4 қос турбоқозғалтқыштарының дұрыс тазаланбағаны белгілі болды. Бұл жағдайда жол апатына ұшырау қаупі бар. Дегенмен компания бұл қателерден болған апаттар туралы деректерді келтірмеген.
Ақау кесірінен көліктердің қуаты бәсеңдейді, қозғалтқышы дұрыс істемей қалады. Сол себепті компания ақау табылған көліктің бәрін кері қайтарып алады.
Ақау 2022-2023 жылы шыққан көлік үлгілерінен анықталған. Өндірушілер биыл шілдеден бастап көлік иелерімен байланысады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар