Тойды тоқтатып тастады: Алматыда 100 адам тойға келген
27 маусымда Алматыда карантин кезінде 100 адамға арнап той жасаған кафе анықталды.

Бұл туралы Алматы телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нысанды облыс әкімдігінің, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен полиция өкілдерінен тұратын мобильді топ тапты.

«Достлук» кафесінің қожайыны (Санлақ көшесі 1, Нұршашқан шағын ауданы) жазаланды. Ол үшін әкімшілік хаттама жасалып, той уақытынан бұрын тоқтатылды.
Алматыда санитарлық нормала мен шектеулі шараларды бұзғаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар