Той жасауға рұқсат жоқ: Елімізде қандай қызмет түрлеріне әлі де тыйым салынады
Мемлекеттік комиссия мүшелері бірқатар нысандардың жұмысына тыйым салуды жалғастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады премьер-министрдің сайтында.

Қандай қызмет түрлеріне тыйым салынады:
- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге;
- барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына;
- мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
- бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына;
- діни нысандардың жұмысына;
- қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға.
«Маска режимі және әлеуметтік қашықтық сақтау - бұл барлығына міндетті санитарлық талап және азаматтардың өміріндегі күнделікті ережеге айналуы керек. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін олар толық дайын болған кезде ғана қалпына келтіру керек», - деді Асқар Мамин.
Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен құрылған мемлекеттік комиссия 17 тамызда карантинді жеңілдету жоспарын бекітті. Қазақстанда 17 тамыздан бастап кей мекемелер жұмысын жалғастырады.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті