Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір жыл бойы дүкен аралап, шоппинг жасады": Журналист "Болашақпен" оқып келген Айгүл Иманбаеваны сынады

Журналист, қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова “Болашақ” бағдарламасы арқылы Лондонда біліп алып келген Айгүл Иманбаеваны сынап, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Журналист мемлекет қаржысынан оқып келген өнер иесінің ғылым саласына қосатын үлесіне күмәнданады. 

“50 жасар “Болашақ” студентіміз елге оралды. Ол бір жыл бойы дүкен аралап, шоппинг жасап келді. Мұны Instagram парақшасынан көріп отырдық. Ағылшындардың арт-менеджменті туралы бірде-бір пост жариялауға шамасы келмеді. Тұманды Альбиондағы бір жыл демалысы үшін кімге алғыс айтады?! Әрине, PR және роудшоу министрі Саясат Нұрбекке. Өйткені соның арқасында ағылшын тілінен емтихан тапсырмай, салық төлеушілердің ақшасына оқуға түсті. Саясат Нұрбек дәл осындай сәтті билетті тағы бір музыкант, жұлдызымыз Димашқа сыйлады. Ол қабылдады. Бірақ табысты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін Димаш өз қаражатына шетелге оқуға бара алатын мүмкіндігі бар. Өз ақшасына бара алатынын айтып, халық шулағасын өнер иесі "Болашақ" стипендиясынан бас тартқанын жария етті. Міне, нағыз жігіт! 

Ал енді Айгүл Иманбаеваның той әндері қымбаттай ма әлде дипломға жинаған көрімдігі жете ме?!”,  – деп жазды журналист. 



Даулы мәселеге қатысты Stan.kz тілшісі Айгүл Иманбаеваның көмекшісі арқылы пікір алмақ болған еді, эстрада жұлдызы “Қазір ештеңе айта алмаймын” деп қысқа қайырды. 

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаеваның “Болашақ” бағдарламасымен “Арт-менеджмент” мамандығы бойынша Лондонға оқуға түскенін жазған едік. Жақында дипломын алып, елге келді. 

 

Талқылау