Айгүл Иманбаева "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелге оқуға түсті
Танымал әнші Айгүл Иманбаева Лондонға оқуға түскенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/aigul_imanbayeva
Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
“Достар, сүйінші, құттықтап қойсаңыздар болады! Мен “Болашақ” бағдарламасы бойынша Ұлыбритания еліне, Лондон қаласына оқуға түстім. Бүгін сол жаңалығыммен “Өмір көркем”бағдарламасында бөлістім. Тілекші болған жандардың да бар арманы орындалсын”, – деп жазды ол.
Әншінің оқырмандары оның қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырды.
“Құтты болсын”, “Алла зейініңді ашсын”, “Сәттілік серігіңіз болсын, Айекем”, “Керемет! Мерейіңіз үстем болсы!”, “Сәттілік тілейміз оқуда! Жұғысты болсын”, “Жарайсың”, – деп жылы лебіздерін білдірді желі қолданушылары.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген