Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: t.me/KZgovernment

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Ерлан Сәдкенұлы Нұрпейісов Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.


 


Айта кетейік, Нұрпейісов бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалған еді.

Еске салсақ, бұған дейін әділет министрі Азамат Есқараев қызметінен босатылып, орнынан Ерлан Сәрсембаев тағайындалғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сенбі, 18 Қаңтар, 2025 10:15