Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы тағайындалды

Мемлекет басшысы Юрий Ильинді жаңадан құрылған төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Юрий Викторович Ильин

"Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Бұған дейін Ильин ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

9 қыркүйекте президент төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа ведомствоға ішкі істер министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және ұлттық экономика министрлігі өкілеттіктерінің бір бөлігі берілді.

Юрий Ильин 1968 жылы 9 сәуірде Куйбышев қаласында дүниеге келген. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін және Қырғыз мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын Украинада 1992 жылы Сумы облысының 390 азаматтық қорғаныс курстарында оқытушы болып бастаған, 1993-1996 жылдары курс бастығының орынбасары болған.

1996 жылдың тамыз айында Алматыға оралып, Алматы облыстық ТЖ басқармасының оқыту орталығының аға офицері болды.

1998-2015 жылдары Алматыда жұмыс істеді, алдымен Алматы қалалық ТЖ басқармасының азаматтық қорғау бөлімін басқарды, кейін Алматы қаласы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы болды. Сосын Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2015 жылы Ильин президент әкімшілігіне мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды.

2016 жылдың сәуірінде ішкі істер министрінің орынбасары болып атанды.

Талқылау