Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдайлар қызметі Риддер тұрғындарының эвакуациялануы мүмкін екенін ескертті

Жергілікті атқарушы билік пен төтенше жағдайлар қызметі Риддер тұрғындарына эвакуация болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан алынды

Желтоқсанның 8-іне қараған түні Хайрузовка өзенінің арнасында қардың еруіне байланысты су деңгейі көтеріліп, салдарынан Киров көшесі, Өскемен және Хариузовский жолақтары бойында жеке сектордың төрт аулалық аумағын су басты.

"Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тұрғындарды жағдайдан хабардар етті. Эвакуация болған жағдайда шұғыл әрекет ету үшін күштер мен құралдар кезекшілікке қойылды. Тұрғындарды уақытша орналастыру үшін Риддер қаласының әкімдігі дайындықты бастады. Тұрғындар Риддер колледжінің ҚМУ ғимаратында уақытша тұратын болады", - деп хабарлады жергілікті әкімдік.

Әзірге суды сору жұмыстары жүргізілуде. Аулалардан және үйлерден су сору үшін мотопомпалар, мұзды тазарту және өзен арналарына қарай еңіс жасау үшін арнайы техника пайдаланылды. Жағдайдың салдарын жоюға жеке құрамның 20 адамы, 7 бірлік техника, екі мотопомпа жұмылдырылған.

"ЛК ГЭС" ЖШС хабарлауынша, мониторинг жүргізілуде. Су тек жертөледе қалды.

Әкімдік жағдайдың бақылауға алынғанын, келтірілген шығынды анықтау үшін комиссия құрылғанын хабарлады. Риддер қаласын сумен, жылумен, электрмен қамту толық көлемде қамтамасыз етілген. Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы аттанды.

Талқылау