Алматылықтар тағы жер сілкінісі болады деп үрейленуде: Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратқа түсініктеме берді
Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жалған ақпарат таратпауға және азаматтарды дүрлікпеуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев Алматы халқына үндеу жасады.
"Құрметті, Алматы қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда сағат таңғы 5-ке қарай қатты жер сілкінісі болады деген жалған ақпарат тарап жатыр. Барлығыңыздан сабыр сақтауларыңызды сұраймыз. Тек қана ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймын. Сейсмологтардың мәліметінше қайталама дүмпулер күтілмейді”, – дейді Нұрлан Атығаев.
Еске салсақ, Алматыда қуатты жер сілкінісі болып, қала тұрғындары үреймен көшеге шыққан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"