Төтенше жағдай кезінде той-томалақ ұйымдастырған азаматқа айыппұл салынды
Президенттің үкіміне қарамастан үй ауласында той жасаған азамат бар-жоғы 26 510 теңгелік айыппұл арқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай кезінде қонақ шақырып, дастарқан жайылған мерекелік отырыс түсірілген видео әлемуеттік желіде жаппай тарай бастаған еді.
Той-томалаққа тыйым салынғанына қарамастан үйінде сауық-сайран құрған азаматқа қатысты әкімшілік іс ҚР ӘҚБтК 476-бабының 3-бөлігімен қаралған.
Бұл туралы Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мәлімдеді.
«Сотта М. өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. Соттың қаулысымен М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабы 3-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 26 510 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген», - делінген ресми хабарламада. .
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі