Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылдың қазан айына арналған жұлдыз жорамал

Күздің екінші айы тосынсыйларға толы болады және қиындықтар да кездеседі. Бірақ шыдамдылық таныта білсеңіз, бәрі ойдағыдай болады. Қазан айы қандай қарбаластар мен өзгерістерге толы екенін білу үшін Stan.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға жұлдыз жорамалды ұсынады.

гороскоп

Қазан айында барлық жұлдыз иелері болашақ жайында және өмірден нені қалайтынымыз туралы ойланғандары абзал екен. Өйткені дәл осы айда көптеген шешімдер өз жауабын табады. Бұл айда сіздің ішкі энергияңыз артып, ол шабыттың өсуіне ықпал етеді екен.

Тоқты

Осы ай ер адамдарға оңай болмайын деп тұр. Тоқтыларға қазан айында кейбір шешімдерді қабылдау қиынға соғады. Өзіңізге деген көңілтолмаушылықты сезінесіз. Әріптестеріңіз және серіктестеріңізбен арада келіспеушілік туындайды. Тіпті ұрыс-керіске алып келуі мүмкін. Олар жақтан сізге қысым көрсетіледі. 

Алайда, мұндай жағдайлардың алдын алып, олармен бір келісімге келуге болады. Ол үшін басқа адамдардың да көзқарасын құлақ асыңыз.
Қазан физикалық белсенділікті таныту емес, қарым-қатынас орнатуға қолайлы ай. Адамдармен сөйлесу арқылы өзіңізді көрсетуге мүмкіндік туады. Мінезіңізге сәл өзгеріс енгізуді қолға алыңыз. Сонда ғана көшбасшылық қасиеттер мен қазіргі беделіңізді сақтап қала аласыз.  

Торпақ

2019 жылға арналған жұлдыз жорамал >>>

Осы айда Венера Таразыға ауысқан. Бұл сізге жайлылық, сұлулық пен үйлесімділік сезімін, тыныштық, адамдармен қарым-қатынаста, сондай-ақ материалдық салада тұрақты тепе-теңдік күйін сақтауға мүмкіндік береді. 
9 қазанда Венера Сарышаяндарға өтеді. Сондықтан осы уақытта өзгерістерге дайын болыңыз. Әсіресе басқа адамдармен қарым-қатнысата және қаржы істерінде ауытқушылық болады. Серіктестеріңіз сізден көп нәрсе талап етуі мүмкін.

Сіз осы кезеңде берілген мүмкіндіктерді пайдаланып қалыңыз. Басқа адамдардың ойларына әсер ету арқылы өзіңіздің қабілетіңізді көрсетіңіз. Әлемнің ерекше сұлулығы мен үйлесімділігін өзгелерге басқаша тұрғыда көрсетіңіз. Тек өз ішкі әлеміңізде байланып қалмаңыз. Осы айдағы сіздің міндетіңіз – табиғи құндылықты бағалай білу, әр нәрсенің мәні мен сөз мағынасын білу. Сонда ғана сіз ерекше күшке ие болып,  материалдық нәтижеге қол жеткізе аласыз.

Егіздер

Меркурий 3 қазаннан бастап Сарышаяндарға ауысады. Яғни, егіздердің барлық нәрсеге деген қызығушылықтары оянады. Кейбір қиын жағдайларға қатысты қайғылы жаңалықтар алуыңыз да мүмкін. Мұндай уақытта жақын адам немесе туысыңыздың кеңесіне жүгініңіз.

Бұл кезең сіз үшін ақпарат жинау уақыты болмақ. Газет-журналдардан өзіңізіге қажетті жаңа дүние табуыңыз мүмкін. Айдың екінші жартысында қолыңызға ақша түседі. Біреу сізге қарызын қайтарады немесе ақшалай сыйлық аласыз. Адамдармен байланысуда біраз қиыншылықтар туындайды. Бірнеше серіктестеріңіз сіздің алдыңызда ыңғайсыз жағдайда қалуы мүмкін. Өйткені сіз сөзге шыншыл, қарым-қатынаста әділдік орнатасыз.

Ең бастысы тез шешімдер қабылдамаңыз. Айдың аяғында істеріңіз баяу жылжиды, бірақ қамықпаңыз, біраз күннен кейін өз орнына келеді.

Шаян

Айдың бірінші жартысы қиын болады. Өйткені Күн мен Марстың тартымдылық белгілері бойынша қозғалатын шиеленісте квадратурасы бар. Бұл кезеңде маңызды нәрселерге шешім қабылдауға асықпау қажет, қателік жіберіп алуыңыз мүмкін. Жұмыста ұрыс-керістер орын алып, қиындықтар мен қысымдар туындайды.

Эмоцияға берілу сыртқы депрессиямен қатар жеке және іскерлік қатынастарға зиян тигізуі мүмкін. Егер сіз көп нәрсеге мән бермей, эмоцияңызды тия білсеңіз, онда қазан айының ортасында серіктестеріңізден мақтау естисіз.

Сондай-ақ, ақша түсіп, сыйлықтар келе бастайды. Тіпті отбасылы адамдар да сізге қызығушылық танытып, сөз салуы мүмкін.
Өз ішкі интуицияңзға сенсеңіз, көп істердің басын қайыра аласыз. Шешілмей жүрген проблемалардың шешімі табылады. Бастығыңыздың сеніміне кіріп, қолдауға ие боласыз. Ескі таныстарыңызды жолықтырып, олардан жаңа идея аласыз.

Арыстан 

Бұл айда Арыстандардың көңіл-күйі болмайды. Өйткені ешкімнің қолдауын көре алмайды. Бұның жақсы жағы да бар. Өйткені оларға ешкім жүк артпайды, бір нәрсе үшін кінәламайды. Осылайша, арыстандар тек үй мен жұмыстың ортасында жүреді. Ешқандай мереке, іс-шараға қатысуға сізді ешкім шақырмайды.

Ешкімнен қолдау көрмеген соң да осы айда көңіл-күйіңіз көп түседі. Адамдарға пайда әкелетін іспен айналысып көріңіз, бұл сізге жетістік әкеледі. Өзіңізге өзгелердің назар аударуын талап етпей, жұмысқа белсенді кіріссеңіз, сізді серіктестер де бағалай бастайды.

Қазіргі ісіңізді жақсы аяқтасаңыз, керемет табысқа кенелесіз. Бірақ айдың аяғында біраз қаржы жұмсалып, серіктестермен ара-қатынасыңыз бұзылуы мүмкін. Ондай кезде отбасыңызға да көңіл аударуды ұмытпаңыз. Өз жауапкершілігіңізді ұмытып, болмашы дүниелердің артынан қуа бермеңіз. Өйткені олар тек шығын әкеледі. Егер бар күш-жігеріңізді жұмысқа жұмсай білсеңіз, онда қазан айында табысты бола аласыз.

Бикеш

Бұл айда көп нәрсені түсінесіз. Яғни, жұмысыңыз және талантыңызды бағалау үшін біраз уақыт қажет екенін байқайсыз. 
Табыс көзі ретінде зерттеу жұмыстарымен айналысуды қолға алуыңыз бек мүмкін. Жұмыста қаржылық жағын көп ойлап жүрсіз. Сол үшін де осы айда шығын көп болмайды. 

Айналаңыздағылармен ара-қатынасыңызға байланысты оқиғалар туындайды. Бұл кезеңде сіз байсалды болғаныңызбен, шыдамсыздық та танытасыз. Өйткені көпшілік жерде әлсіздіктерді, қателіктерді сезінесіз.
Осы жолы сізге өз ойларыңызды жасыру қиынға соғады. Сондықтан іште сақтай алмай айтып қоюыңыз да мүмкін.

Қазан айының екінші жартысында кейбір нәрсенің беті ашылады. Мысалы, сіз кездейсоқ біреудің құпиясын біліп қоюыңыз әбден мүмкін. Жалпы, қазан сіз үшін қызықты ай, жаңа дағдыларға ие боласыз, ақылды адамдармен танысасыз.

Таразы 

Сіз үйлесімді атмосфераға иесіз. Яғни, кез келген жанжал мен түсініспеушіліктерді шеше аласыз. Осы айда сізге серіктес болуға немесе бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс түсуі мүмкін. 

Қазан айының екінші жартысы біраз қарбаласпен өтеді. Өйткені Венера осы жолы тұрақсыз Сарышаянға өтеді. Ал бұл серіктестер арасында түсініспеушілік, келіспешілікке әкеп соқтырады. Тіпті арада дау туындайды. Біраз қаржыдан да айырылып қалуыңыз абзал. 

Сондықтан қазан айының екінші жартысында маңызы бар шешімдер қабылдамаңыз, серіктестермен бірге жұмыс істемеуге тырысыңыз. Егер өз эмоцияңызды тия білемін және қызғаншақтыққа салынбаймын десеңіз, онда іске белсене кірісе аласыз. Ең бастысы өз репутацияңызды сақтап қалыңыз, баршаға ашық болыңыз. Алып-қашпа әңгімелерден өзіңізді аулақ ұстай біліңіз. 

Сарышаян 

Осы айда сізге бағыт беретін адам қажет болады. Өйткені өмірде кездейсоқ жағдайлар болып қалады. Сол кезде күш-жігеріңізді осы уақыттан бері бекерге жұмсадым деп ойлауыңыз әбден мүмкін. 

Мұндай жағдайдың жақсы тұсы да бар. Өйткені әр басқан қадамыңызды ойланып және ақырын басатын боласыз. Елдер шулап жатқанда сіз тыныш қана жұмысыңызды реттейсіз. Бірақ көп уақытқа дейін пассивтік көзқараста қалып қоймаңыз, өйткені топтың ішінде жалғыз болып қаласыз. 
Айдың екінші жартысында адамдар сізге деген қызығушылықтарын таныта бастайды. Бойыңызда өзгелерді тарту күші пайда болып, олардың энергиясын бір бағытқа жұмсай аласыз.

Сіздің бойыңызда күшті энергия бар. Соны дәл қазір пайдаланып қалуға тырысыңыз. Өйткені Плутон белсенді қозғалып, Меркурий мен Венера сарышаяндарға бағыт алған. 24 қазанда Күн де осы жұлдызға кіреді. Сол себептен ішкі энергияны шығару мақсатында үлкен ұжымда немесе жобаларда қызу жұмысқа кірісіңіз. 

Мерген 

Қазан айы мергендер үшін жетістіктерге толы болмақ. Сіз осы айда көптеген мүмкіндіктерге ие боласыз. Біліміңізді жетілдіретін уақыт келген сияқты. Жаңа дүниелер үйреніп, оны пайдаға асырсаңыз, сіз үшін сәтті болмақ. 

Бірақ сіз бұл жетістіктерді өміріңізде пайдалана білуіңіз қажет. Қазір өз идеяларыңызды іске асыратын уақыт. Іскерлік проблемаларды шешетін оңтайлы кезең. 

Қазан айында шығармашылық идеялар туып, ұжымның алдында дәрежеңіз өседі. Өз жұмысыңызды жауапты атқарғаныңыз үшін басшылықтан мақтау естисіз немесе карьерадағы баспалдағыңыз бір саты алға жылжуы мүмкін. Іс жүзіндегі келісімшарттар оңтайлы шешімін табады. Басшылықпен байланыс та сәтті өтеді.

Тауешкі

Қазан айының бірінші жартысы тауешкілер үшін оңай болмайды. Көңіл-күйіңіз тұрақсыз болады. Жұмысқа байланысты келіссөздерде проблемалар туындайды. Бір-біріңізді түсінбеушілік, арадағы қызғаныш сезімі біраз тоқырауға әкеп соқтырады. 

Айдың екінші жартысында Венера мен Меркурий сізден белсенділікті талап етеді. Сол себептен егер жетістіктерге жеткіңіз келсе, онда осы айда аз демалыңыз. Беделді кісілердің назарын өзіңізге аударуға мүмкіндік туады. Олардан материалды көмек және қолдау ала аласыз. 

Қазіргі кезде махаббат сезіміне беріліп жүрсіз. Жұмыс бойынша жүргізілген келісімшарттар сәтті шыққанымен, серіктестік махаббат көрінбейді. Өз идеяңызды еркін жеткізе алу мақсатына ие боласыз. Іс-қағаздармен көп жұмыс істейсіз, бірақ бәрі сәтті болады. Айдың аяғында ескі таныстарыңызды жолықтыру сізге жаңа дүниелер алып келеді.

Суқұйғыш

Қазан айының бірінші жартысында суқұйғыштарда тыныштық орнайды. Шығармашылыққа бетбұрыс пайда болып, жаңа бастамаларға ұмтыласыз. Тіпті жаңа таныстар тауып, достық орнатуыңыз мүмкін. 

Кездейсоқта ақшаға кенеліп, неше түрлі сыйлықтар алуыңыз бек мүмкін. Бұл айда ақшадан таршылық көрмейсіз. Сіз өз ойыңызды білдіруде белсенділік танытасыз. Бұл адамдармен қарым-қатынасыңызды жақсартады. Ал серіктестермен сөзге келіп қалудан неғұрлым аулақ болыңыз. Қазан айының екінші жартысында шығынға ұрынасыз. Эмоциялық тұрғыда да өзгерістер болады.

Көңіл-күйіңіз болмаған сәтте балалардан аулақ жүруге тырысңыз. Өйткені олардың жүректері әлсіз, сіздің ашуыңызды жақын қабылдауы мүмкін. Жұмыстағылармен болған келіспеушілік, көңіл-күйіңізге қаяу түсіреді. Қазан айының екінші жартысы сіз үшін қиын кезең. Жұмыс істеп, кеткен шығынның орнын толтыру керек болады. Егер дұрыс мақсат қоя білсеңіз, онда оған жетесіз!

Балықтар

Айдың басы қарбаласпен өтеді. Еш нәтижесіз жұмыстар шаршатып, көңіл-күйіңізге де әсер етуі мүмкін. 9-10 қазанда Венера Сарышаянға ауысады. Сол кезде сіздің жұмысыңыз жүріп, жаңа белестер көріне бастайды.

Алайда, өзгелерден материалды және психологиялық қолдау күтесіз. Бірақ ең бастысы өз-өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Сонда айналаңыздағылардан, әсіресе әйелдер қауымы ер кісілерден жылулық сезінеді. Ал бұл сізге жаңа белестер алып келеді. Балықтар үшін бұл ай отбасын құруға, дос болуға, жаңа таныстық үшін оңтайлы уақыт. 

Бұл айда балықтар іс жүзіндегі кейбір проблемаларды шеше алады. Нағыз өз интуициясына ерік беретін уақыт жетті. Егер осы ай тиянақты жұмыс істей білсеңіз, еңбегіңіз бағаланып, дәрежеңіз өседі. 

Талқылау