Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төрт әйелге рұқсат етілген": Арман Қоңырбаев көп әйел алу жайында айтты

Әнші Арман Қоңырбаев көп әйел алу мәселесі жайында айтты. Оқырмандардың одан өзге де сұрақтарына жауап беріп, жоспарлары, шығармашылығы мен өмірік ұстанымы жайлы сөз етті. 

Арман Қоңырбаев көп балалы әке болғысы келеді. Бұл ретте бәрі Алланың қалауымен дейді әнші. Одан бөлек диджей Иманбекпен бірлесіп ән жазғысы келетінін ашып айтты. 

"Көп балалы отбасы болғанды қалаймын. Бәрі Алланың қалауымен болады", - деді Қоңырбаев. 

Әнші "сіз үшін бақыт деген не?" деген оқырман сұрақтарына жауап берді. 

"Мен үшін айналамдағы жандардың, жақындарымның амандығы, денсаулығы маңызды. Солар аман болса, нағыз бақыт сол. Одан бөлек мақсатына жетіп, өз-өзіңді дамыту, қоғамға пайдаңды тигізу - нағыз бақыт", - деді Арман Қоңырбаев. 



Әнші көп әйел алу мәселесін қозғай кетті. Төрт әйел алуға рұқсат болғанымен, өзінің ондай жоспары жоқ екенін айтады. 

"Дінімізде егер әділдік танысса, 4 әйелге дейін алуға рұқсат бар. Бірақ маған бір әйелмен тұрған жақсы", - деді әнші. 

Қоңырбаев болашақта Иманбекпен дуэт жазғысы келеді. 

Талқылау