Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төрт ай бойы қорлады": Алматыда әйел 7 жасар өгей қызын өлтірді деп айыпталды

Алматыда әйел жеті жасар өгей қызын өлтірді деп айыпталып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Оқиға шамамен бес ай бұрын 10 шілдеде Балжан Тұрлыбектің пәтерінде болған. 49 жастағы өгей шешесі жуынатын бөлмеде кішкентай Каринаның басын қабырғаға ұрған. Кішкентай Каринаның миына қан құйылды. Содан кейін ол қыздың әкесін шақырған. Ер адам жедел жәрдем шақырғанымен, кеш болды.

Сотталушы қоғам белсендісі болған, ПИК төрағасы болып жұмыс істеді. Оның 27 жастағы ұлы бар екені белгілі. Әйел Каринаның 33 жастағы әкесімен азаматтық некеде тұрған. Баланың әжесінің айтуынша, әкесі бәрін білген, өгей анасының қызын ұрғанына немқұрайлы қараған.

“Менің талабым – оны өмір бойына түрмеге отырғызу. Төрт ай қызды қорлады, содан кейін өлтірді. Оны өмір бойына жазалағанын қалаймын. Әкесі де оны қорлады. Қазір ол бостандықта жүр. Үйсіз-күйсіз, ішімдікке салынған”, – деді Каринаның әжесі Елена Закураева.

Күдікті алқабилер сотынан бас тартып, журналистердің қатысуына қарсы болған. Ол адам өлтіргені өлтіргені үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін марқұм болған 7 жасар Каринаны өгей шешесі басын қабырғаға ұрып өлтіргені туралы жазған болатынбыз. Кейіннен қызды өлтірген күдікті белгілі қоғам қайраткері Балжан Тұрлыбек болуы мүмкін деген ақпарат тарады. 

 

Талқылау