Торғай өзені көтерілді: Ақтөбедегі Ырғыз ауданын су басып жатыр
Instagram әлеуметтік желісінде Нұра ауылы бейнеленген видеолар тарады. Адамдар көшеде қайықпен жүр, үйлер суға батқан, кейбірі опырылып түскен, орта мектеп те су астында қалған. Су мектепке кіріп бара жатқан адамның беліне жетіп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Aibeknomad парақшасындағы видеодан скриншот
22 сәуірде облыстық төтенше жағдайлар департаменті Торғай өзеніндегі су деңгейі сыни көрсеткіштен жоғары болғанын хабарлады. Су Қостанай облысынан Ырғыз ауданына ағады, ол – Ақтөбе облысында су тасқыны жалғасып жатқан жалғыз өңір. Торғай өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты мұнда 3 ауылды – Нұра, Мамыр және Белшер ауылын су басқан. Осы кенттердің тұрғындары мен Құлыс ауылының тұрғындары аудан орталығына эвакуацияланды. Жалпы саны 1280 адам көшірілді.
Нұрада 67 үй, Мамырда – 10, Белшерде 4 үй су астында қалды. 25 сәуірге қарай олардың саны өсті. Нұрада 84 үйді су басып қалды. Ауыл аудан орталығынан 90 шақырым жерде орналасқан, қазір тек айналма жол бар және ұзындығы – 180 шақырым . Ауылда 112 үй, 691 тұрғын бар. 14 сәуірде мұнда биіктігі 2 метрге дейін судан қорғау үшін салынған бөгетті су шайып кетті. Бөгет 5 шақырымға нығайтылды, ені – 3 метр, биіктігі – 2,5 метр.
Торғай өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауына байланысты, облыс әкімдігінің мәліметінше, Мамырда 22 үй, Белшерде 4 үй су астында қалды. Ырғыз ауданында барлығы 110 үйді су басып қалды.
Айта кетейік, төтенше жағдайлар министрлігі 25 сәуірде су Батыс Қазақстаннан Атырау облысына ағып жатқанын мәлімдеді.