Төрехан Сабырхан Азияның ең үздік боксшысы атанды
Әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанған Төрехан Сабырхан Азияның да үздік боксшысы деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚБФ
Жақында ғана ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарып, 18 жасында ел біріншілігінің чемпионы атанған Төрехан Азияның ең үздік жас боксшысы атанды. Азия бокс қауымдастығы араға 6 жыл салып, жыл үздіктерін атап өтуді қайта жаңғыртты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан жастар арасындағы үздік боксшы атағын жеңіп алды. Одан бөлек, Қазақстан 3 аталымда жеңімпаз деп танылды:
Үздік ұлттық федерация - Қазақстан бокс федерациясы
Ерлер арасындағы үздік боксшы - Сағындық Тоғамбай
U22 ерлер арасындвғы үздік боксшы - Темірлан Мұқатаев
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды

