Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты
Заң бұзып, басы дауға қалған әнші Төреғали Төреәлі жазасын өтеп, бостандыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/toregalitoreali
Әншінің қазіргі жағдайы туралы адвокаты Эльнура Кішкенебаева мәлім етті.
“Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рахмет айтамын”, – деп жазды заңгер.
Айта кетейік, 4 шілде күні Төреғали Төреәліні қамауда ұстау мерзімі ұзартылған еді.
Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Бірақ әншінің адвокаты оны ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Кейін бұл жағдайға өнердегі әріптестері пікір білдірген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"