Уақытша ұстау изоляторында жатқан Төреғали Төреәлі ауруханаға жеткізілді
Танымал әнші Төреғали Төреәлі шұғыл түрде жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы әншінің адвокаты Эльнура Кішкенбаева айтты.

Төреғали Төреәлі жатқан уақытша ұстау изоляторға жедел-жәрдем шақырылды. Заңгердің сөзінше, әнші Алматыдағы №7 ауруханаға жеткізілген.
“Қазір әншінің жағдайы орташа”, – дейді Эльнура Кішкенбаева.
Оның сөзінше, Төреғали Төреәлі сол күні Қызылордаға ұшамын деп асыққан.
“Сол себепті бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жылдамдықты үдеткен. Полицейлер бірінші рет тоқтатқан, сосын жіберген. Алайда біраз уақыт өткен соң қайтадан соңынан қуған. Сөйтіп, ұстаған”, – дейді адвокат.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Бұған дейін Төреғалиді қарындасы Дина Төреәлі ағасын қолдайтынын айтқан болатын.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"