Томиристі сомдайтын актриса: Томиристің жан-дүниесін түсінуге тырыстым (фото, видео)
«Томирис» тарихи фильмінде басты рөлді сомдайтын актриса Альмира Тұрсын түсірілімге қалай дайындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.
Сурет: Tengrinews.kz
Альмира Тұрсынның сөзінше, оған фильм кейіпкерлерінің тілін меңгеру қиынға соғыпты. Себебі туындыда кейіпкерлер көне түрік және көне иран тілдерінде сөйлейді.
«Өте қиын тіл. Қазақ тіліне де, басқасына да ұқсамайды. Қиын болса да, үйреніп жатырмыз. Маған біздің костюмдеріміз ұнайды. Олар табиғи, былғарыдан тігілген киімдерге таза былғары қолданылған. Бәрінің жан-жақты ойластырылғаны сонша, бұл костюмдер рөлге енуге себтігін тигізеді. Өзіндік мағынасы бар сырғалар да бар. Бұл костюмдерді кигеннің өзінде 30-40 пайызға рөлге енесің», – дейді актриса.
Сурет: Tengrinews.kz
Сондай-ақ актриса Томирис рөліне қалай енетінін де айтты.
«Өзіндік техника, әдісім жоқ. Алайда маған костюмдер, дұрыс таңдалған әуендер, сценарийді түсіну көмектеседі. Мағынасын, мотивін түсіну, себеп-салдар арсындағы байланыс тәрізді психологиялық әдістерді қолдануға тырысамын. Өз клиенттеріммен қалай жұмыс жасасам, дәл соны жұмысты Томириспен де жасадым. Оның неліктен мұндай адам екенін, неліктен олай ойлайтынын, неліктен өзін солай ұстайтынын түсінуге тырыстым», – дейді Альмира Тұрсын.
Сондай-ақ, аталған фильмде Томиристің бала күнгі образын кім сомдайтыны белгілі болды. Түсірілім тобы бас кейіпкердің 15 жастағы кезін сомдау үшін Салтанат Серкебаеваны, 10 жасар кезі үшін Лия Фоминаны таңдапты. 10 жасар Лия Фоминаға түсірілім алаңы таңсық емес. Себебі ол «Батыр» фильмінде рөл сомдап, жарнамалық роликтерге қатысқан екен.
Сурет: Tengrinews.kz
Оқи отырыңыз:
Бесінші баласын босанған Динара Сұлтанға енесі қарыннан арнайы ас әзірлеп берді (видео)
Бағым Мұхитденова: Күйеуіме мен емес, құрбым ұнап қалған сияқты
Сәбиімен бірге жартылай жалаңаш суретке түскен отандық актриса жұртты ашуландырды (фото)
Төреғали Төреәлі: Өмірімнің өрнегі болған асыл жарымды өзге көзден қызғанамын