Толассыз жауыннан кейін Жетісу облысын су басты (видео)
12 тамызда Жетісу облысындағы Ешкіөлмес ауылын жауыннан кейін су басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылындағы төрт көшесін су басып, еңіс ағыны орын алған.
“Оқиға орнында облыстық ТЖД күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардың тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізілуде. Бұл жерге Талдықорған қаласынан қосымша күштер жіберілді”, – деп жазылған ведомство хабарламасында.
Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар Талдықорған қаласынан қосыма күш жіберілді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған