Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Серіков: Үлкен беделді азаматтар менен талай Бейбітті сұрап, таныстыршы деп өтінген кездер болған

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның өнерде де, өмірде де қол ұстасып келе жатқанына біршама жылдың жүзі болды. Кезінде қыз-жігіт болып 7 жыл жүрген қос әнші ұлан-асыр той жасап, отау құрған. Тоқтар Серіков жары Бейбітті оң босағасынан ханның қызындай алып кеткенін айтты. 

Бейбітті хан қызындай ұзатып алғанмын, елдің бәрі таңғалған еді

Бұл туралы "Талантым-тағдырым" бағдарламасындай айтылды. 

Семейдің тумасы Тоқтар Серіков оңтүстік өңірге күйеу бала. Дегенмен ол қайын жұртына күйеу бала емес, туған баласындай жақын екенін айтады. Әсіресе, Бейбіт Сейдуалиеваның анасын қатты жақсы көреді. 

"Мен Бейбітпен үйленбей тұрған кездің өзінде Таразға барсам, Бейбіттің үйіне баратынмын. Қайын жұртымның емес, өз үйіме барғандай сезінуші едім. Ас-суымды дайындап анасы әлек болатын. Марқұм сондай жақсы кісі еді", - деп еске алады әнші.

Жары Бейбіт Сейдуалиева да қайын жұрты жақсы көрген келіндердердің бірі деседі. Әсіресе, ата-енесінің көңілінен шыққан келін болды.

"Мен Бейбітті жаңа сөйлесіп жүргенде-ақ ата-анаммен ауылыммен таныстырғам. Бейбіт оларға бірден ұнады. Үлкен ағама дейін жақсы көріп қалды. Кейін Бейбіт екеуміз ара-тұра ренжісіп қалып, сөйлеспей кетіп жүргенде ата-анам, бауырларым қатты уайымдаған екен. Бейбіт екеуміздің бір болғанымызды қалаған. Мен оны кейін түсіндім. Әке-шешем Бейбітті алмай қоя ма, басқа қызбен көңіл қосып кете ме деп ойлапты. Ол кезде жұлдызды шақ, қыз да, қырқын да көп. Алайда Бейбіт мені қызғанған емес. Керісінше күлетін тырқылдап. Ол емес, мен қызғаншақ болдым. Бейбітке хабарласқан адамдардан қызғанатынмын. Талай үлкен кісілер менің қасымда жүрген Бейбітті көріп, таныстыршы, нөмірін берші деп сұраған. "Ол менің болашақ жарым", "сіздің келініңіз болады" деп бетке айтқанмын. Сол кезде түсініп, кешірім сұрап жататын", - дейді әнші. 

Тоқтар Серіков құлай сүйген аруын хан қызындай ұзатып алғанын айтады. Қалың малын да, тойын да, аста-төк етіп жасап, ұлан-асыр той жасаған екен.

"Бейбіттің құны маған қымбат. Жай қыз емес екенін, лайықты түрде ұзату керек екенін түсініп дайындалдық. Құдалығымыз да, тойымыз да, ел аузында жүрді. Өмірдегі жан достарым бар. Бәріміз ақылдасып Бейбітті ханның қызындай ұзатып әкелген едік. Достарымның бәрі куә. Олар Бейбітті жақсы көреді. Жақсы араласады. Бір қызығы, біздің тойға берген киітіміз де, алыс-берісіміз, алтындарымыз, тағысын тағылары өзімізге де солай қайтты. Құдалар жақ та тойға бізге сондай сый жасады. Екі жақ та риза болысты", - деп той күнін еске алды әнші. 


Тағы оқыңыз:


 

Талқылау