Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Серіков: Кезінде Алтынбек Қоразбаев Алматыдағы бүкіл мектептің оқушысын аралап мені іздеген

Қазақтың сүйікті әншілерінің бірі Тоқтар Серіков әнші болуды бала күнінен армандаған. Өнерге күтпеген жерден келген әнші өнердегі әкесі Алтынбек Қоразбаевпен қалай танысқанын айтып берді. Айтуынша, әншіні Қоразбаевтың өзі бүкіл оқушы арасынан іздеп тапқан. 

Тоқтар Серіков: Кезінде Алтынбек Қоразбаев Алматыдағы бүкіл мектептің оқушысын аралап мені іздеген

Бұл туралы "Талантым-тағдырым" бағдарламасындай айтылды. 

Тоқтар Серіков 4 жасынан қолына домбыра алып, әуелете ән салып өскен әнші. Өзінің айтуынша, ерте жастан сахнаны, өнерді ән болуды армандап өскен. Ата-анасы өмір бойы мал баққан шопан болған. Жаз жайлауда, қыс қыстауда тұрған. 

"Әке-шешем мал баққан, үкіметке берілген жандар еді. Дегенмен мәдениетті, қонағы көп, берекелі кісілер. Ол кезде бізге қонақ көп келетін. Қонақ келсе, мен домбырамды дыңғырлатып, ән айтқызса екен деп елегізем. Оны әкем байқап, ән айтқысы келіп отыр деп қалады. Шын-өтірігін білмеймін, бала Тоқтардың әнін тыңдағандар сол кезде таңғалысып "нағыз әнші болатын бала" деп жататын. Соның әсері болды ма, әкем мені 5-сынып бітірген соң Алматыға аттандырды", - деді әнші.

Бала күнінде Алматыға келген ол өнер мектебіне емес, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатынын мектепке түседі. Сол мектепте жүріп-ақ Алтынбек Қоразбаевпен танысудың сәті түскен. 

"Мектеп атынан түрлі жарыстарға баратынмын. Ән айтамын. Бір күні Республика сарайында ән айттым. Алтынбек Қоразбаевтың "Айшаның зары" әнін әуелете орындадым. Сахнадан шықсам, бір өнер адамы өзіне шақырды. "Есімің кім, қай жақтаңсың? Кімнің әнін айттың? деп жатты. Алтынбек Қоразбаевтың әнін айттым дедім. "Оны танисың ба?" деді. "Жоқ" деп қоям ауылша ыммын. Ол қарқылдап күлді. Ол кісі Қоразбаевтың өзі екен. Солай таныстық. Ол маған айтты. "Келесі жылы Алматыға келем. Сен мені күт. Мен сені тауып алам" деп, мектебімнің атын сұрап алды. Мен әкеме күнде хат жазып, ауылға кеткім келіп жүрген едім. Сол сөзден кейін қалада тағы бір жыл қалдым. Алтынбек көкем келесі жылы Алматыға келді, бірақ мені іздеген жоқ. Бір күні мұғалімдер ән айтатын баланың бәрін Алтынбек аға жинап жатыр деді. Алтынбек ағаның алдына бардық. Ол кісі мені танымады. Сахнаға шығып, "Қара кемпір" әнін шырқап бердім. Ол кісі қалған балалардың бәрін қайтарып, мені алып қалды. Сөйтсем, қаланың оқушыларын шақыртып мені іздеп жүрген кезі екен. Қай мектепте оқитыным есінен шығып кеткен ғой", - деп күледі Тоқтар Серіков.

Сол сәтте бастап Алтынбек Қоразбаев Тоқтарды жетектеп бала Мейрамбекпен таныстырады. Ол кезде Мейрамбектің атағы дүрілдеп тұрған кез. Осылайша бала күнгі достар бауырға айналып әлі күнге дейін бір сахнада ән шырқап келеді. 

Бүгінде Тоқтар Серіков жары Бейбіт Сейдуалиеваның бала-шаға тәрбиелеп отыр. Ұстаздық жасқа келген әнші шәкірт тәрбиелеп жүргенін жасырмайды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр