Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Серіков: Әншіден жанды дауыста ән сұрайтын депутаттардан шыншыл болуды талап етемін

Қазақ шоу бизнесінде жүргендер депутаттарға жауап берді. Өткен айда ғана әншілер концертін тек жанды дауыста берсін, фонограмма дегенді алып тастау керек деген болатын депутаттар.

серіков

Stan.kz тілшісі фонограмманы алып тастауға байланысты әншілердің пікірін білген еді.

Әншілерден шынайы болуды сұраған депуттардан Тоқтар Серіков шыншыл болуды сұрады.

«Фонограмманы алып тастаса, алып тастасын. Мен қарсы емеспін. Бірақ депутаттар да өздерінің сөзін сөйлесін. Шын сөзін сөйлесін. Оларда шындықты айтсын, біз әншілер де шын ән айтуға тырысамыз. Жанды дауыспен айту қазір ақырындап келе жатыр. Барлық әріптестерім жанды дауыспен ән сала алады»,-деді әнші Тоқтар Серіков.

Ал продюсер Бауыржан Есебаев депутаттардың түсінбейтін дүниеге араласпағаны дұрыс деп қысқа қайырды.

«Фонограмма керек. Онсыз болмайды. Себебі, бізде кез-келген зал жанды дауыспен ән айтуға арналмаған. Сондықтан фонограмма керек. Себебі, бір залға барсаң жаңғырып кетеді, екінші залға барсаң аппаратура дұрыс болмайды. Сондықтан ол сауатсыздау тірлік. Жанды дауыспен ән айту үшін ғимараттың акустикасы жақсы болу керек. Одан соң оған сай аппаратура болу керек. Ол әншілердің өздеріне қарап тұратындай, өз әнін тыңдап тұратындай болу керек. Сол үшін ол өте күрделі дүние. Депутаттар әнші емес. Сондықтан олар музыканы түсінбейді»,-деді продюсер Бауыржан Есебаев.

Мөлдір Әуелбекова болса депутаттардың осы бастамасы ертерек жүзеге асса екен деп жүргендердің бірі екен.

«Фонограммаға қарсы заң шығып жатса, ең бірінші қуанатын адамдардың қатарынанмын. Өйткені, өнердің іші жалпақ тілмен айтқанда тазаланатын еді. Киелі сахнаға шын таланттар шығар еді»,-дейді әнші Мөлдір Әуелбекова.

Бағлан Әбдірайымов болса аудан ауылдарды аралаған кезде төрт жігітке техникалық тұрғыда қиындықтар болатынын айтып отыр.

« «Жігіттер» тобына қиын болатын шығар фонограммасыз. Өйткені, барған жерімізде жақсы төрт бірдей микрофон табу қиын. Бірақ, біз қорықпаймыз. Өйткені, бір емес, қанша рет жанды дауыста концерт бердік. Фонограмманы алып тастай берсін. Негізі 5 жыл мен 10 жылдың арасында айырмашылық көп. Техника дамыған. Қазір мүмкіндік көп»,-дейді әнші Бағлан.
Оқи отырыңыз:

Жанар Айжанова баланың тұсауын кескен адамның міндетін түсіндірді (фото)

Абай Бегей: “Сені ұмытқан жоқпын” атты кешімді марқұм жұбайыма арнадым

Баян Есентаева енді Қытай дәрігерлерінің көмегіне жүгінді (видео)

Дәурен Айдарқұлов әншілік қабілетімен таңғалдырды (видео)

Димаш ұмытылмас тосын сыйы туралы айтып тыңдармандарын қуантты

Алтынай Жорабаева: Қытайлардың Димашқа бас жүлде бермейтінін білгем

Талқылау