Токионың көшелерінде Қазақстанның туы ілінді

Фото: Telegram/Борт N1
Токио Қазақстан президентінің сапарына дайындалып жатыр. Мұны Telegram желісіндегі Борт №1 парақшасы жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанда ресми сапармен Жапонияға барады.
Ақорданың мәліметінше, сапар аясында император Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен, Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Тоқаев "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысады.

Фото: Telegram/Борт N1
Қазір Токио көшелерінде Қазақстан туы ілулі.
Jennifer Lopez, Backstreet Boys, Kanye West: Әлемдік жұлдыздарды шақыру құны қанша
Қымбат билет, миллиондаған доллар: Қазақстанға жұлдыз шақыру кімге тиімді?
"59 миллион табыспен, 30 мың теңге төлеген": Қазақстанда әкелер алименттен қалай жалтарады және оларды қалай анықтауға болады
Желі қолданушысы бұрынғы күйеуімен ажырасқанына он жыл болғанын, осы уақыт ішінде ұлына алимент төлемегенін айтады