Токио-2020: Бүгін Ольга Рыпакова жарысқа түседі
Токиодағы Олимпиада ойындарының 30 шілдедегі сайыстарында қазақстандықтар спорттың 2 түрі бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі сайыста Қазақстан атынан Лондон Олимпиадасының чемпионы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакова бастаған жеңіл атлеттер жарысқа шығады.
Сонымен, қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі мынадай:
09:15 – 100 метрге жүгіру. Әйелдер. Іріктеу кезеңі Ольга Сафронова
16:05 – Үш аттап секіру. Әйелдер. Іріктеу кезеңі Мария Овчинникова, Ирина Эктова, Ольга Рыпакова.
Айта кетсек, сағат 05:35-те басталған академиялық ескек есу бойынша ерлер финалында D финалы аяқталды. Қазақстандық спортшы Владислав Яковлев 7:03.37 уақытта жүзіп өтіп, 19-орынға табан тіреді.
Еске салайық, бүгінде Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар үш қола медальді еншіледі.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған