Тоқаевтың төрағалығымен Атырауда ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурызда өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Құрылтай Атырауда болады.
Қаңтарда ұлттық құрылтай құрамы жаңарған еді. Құрылтайдың жаңа мүшелері:
- Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева;
- "Қазақстан корейлер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин;
- Еңбек ері, №7 Семей орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова;
- Парламент мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев пен Никита Шаталов;
- Басқарма төрағасы – Zhubanov University ректоры Лаура Қарабасова;
- Жеңіл атлет Айсұлу Сүлейменова;
- Дүнген этносының жетекшісі Лұғмар Буларов;
- Тележүргізуші, "Азаттық рухы" ақпарат агенттігінің журналисі Кристина Гринько.
Еске салсақ, 17 маусымда Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтті.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"