17 маусымда Түркістан қаласында Ұлттық құрылтай өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 маусымда Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылдың 16 маусымында Ұлытау облысында өткен еді. Құрылтайға барлық облыстың, әр түрлі сала мен буын өкілдері қатысады.
Құрылтайдың бірінші отырысында Тоқаев келесі басқосуды Түркістанда өткізуді ұсынған.
"Құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады", – деді Қ.Тоқаев.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"