Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ЖОО, театр мен мұражай басшыларын тағайындаудан бас тартты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық маңызы бар бірқатар ұйымның басшысын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Құжатта ұлттық жоғары оқу орындарының және бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ректорларын, ҚР ұлттық мұражайының директоры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының басшысын тағайындаудың жаңа тәртібі қарастырылған.

Жарлыққа сәйкес, аталған мекемелердің бірінші басшыларын тиісті саланы жетекшілік ететін уәкілетті органдар тағайындайтын болады. Жауапты лауазымдарға үміткерлерді іріктеу конкурс негізінде жүргізіледі.

Жаңа тағайындау тәртібі келесі ұлттық жоғарғы оқу орындарына қатысты:

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  2. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  3. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
  4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  5. Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
  6. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
  7. Қазақ ұлттық өнер университеті;
  8. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
  9. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;
  10. Қазақ ұлттық хореография академиясы;
  11. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.
Талқылау