Тоқаев көрші мемлекеттерінің басшыларына лаңкестік қауіп-қатерді еңсеруге көмек сұрады
Қазақстан Президенті ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына лаңкестік қауіп-қатерді еңсеруге жәрдемдесуді сұрап үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаевтың айтуынша, лаңкестік топтар Қазақстандағы ірі инфрақұрылым нысандарын бақылауға алуда.
"Бұл мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру, ең бастысы, азаматтарымызға жасалған шабуыл", - деді ол.
Тоқаев Алматыдағы әуежай мен бес ұшақты "террористер" басып алғанын мәлімдеді.
"Қазір Алматыда және басқа да қалаларда нағыз лаңкестер бас көтеруде. Қазір Алматы маңында Қорғаныс министрлігінің десанттық бөлімшесімен наразы топ арасында қақтығыс жүріп жатыр", - дейді Тоқаев.
Ұжымдық қауіпсіздік келісімі, ҰҚШҰ — тәуелсіз мемлекеттердостастығының әскери-саяси ұйымы. 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанмен құрылды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі