Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қатаңдатуды тапсырды
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық заңнама қатаңдатылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: akorda.kz
Бұл туралы президенттің адам құқықтары мен заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы іс-шаралар жоспары туралы жарлығында айтылған.
Іс-шаралар жоспарының оныншы тармағында "тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық заңнаманы қатаңдату" көрсетілген. Үкіметке тиісті заң жобасын әзірлеу тапсырылды. Іске асыру мерзімі – 2024 жылдың қаңтары.
Сондай-ақ, ішкі істер министрлігіне мүмкіндігінше әйел қызметкерлерді тарта отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлім құру тапсырылды.
Жоспардың тағы бір тармағы "еңбек заңнамасын жұмыс орнындағы сексуалдық зорлық-зомбылық анықтамасын қамти отырып жетілдіру". Заң жобасы халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес, шағымдарды қараудың тиімді рәсімдерімен, қорғау құралдарымен және санкцияларымен әзірленуі тиіс.
Сондай-ақ президент еңбек қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық талаптарды да күшейтуді тапсырды.