Тоқаев Тасмағамбетовті қабылдады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді", – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.
- Тасмағамбетов: Батыстың қару-жарақ жеткізуі бейбіт келіссөздердің болатынын жоққа шығарады
- ҰҚШҰ Бас хатшысы Тасмағамбетов Ресей қорғаныс министрі Шойгумен кездесті
Сонымен қатар кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланғаны айтылады.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады