Тоқаев СҚО-ға қоныс аударушылардың шағымдарына назар аударды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО-ға қоныс аударушыларға арнап салынған сапасыз тұрғын үйлерді тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" газетінде 24 мамыр күні жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады", - деп жазды Берік Уәли.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданында қоныс аударушылар үшін жарық пен жылу жоқ үйлер сатып алынғаны хабарланған.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған