Тоқаев пен Зеленский БҰҰ бас Ассамблеясында кездесті

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан мен Украина президенттері екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты талқылады.

Фото: Ақорда
Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға қатысты пікірін айтты. Тоқаев осы аса қиын жағдайда дипломатиялық жұмысты жалғастырып, жанжалды тоқтату жолдарын іздеу керек деді.
Владимир Зеленский әлеуметтік желіде кездесуге қатысты пікір білдірді.
"Мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестім. Қазіргі кездегі басты мақсат – сенімді қауіпсіздік кепілі бар әділ және ұзақ бейбітшілікке қол жеткізу", – деді Зеленский.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”