Тоқаев пен Ердоған Украинадағы жағдайды талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әңгіме басында президенттер қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан мен Түркия дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтті. Тоқаев екіжақты сауда көлемін жақын арада 5 миллиард долларға, одан кейін 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңыздылығын айтты.
Түркия басшысы Тоқаевтың мамыр айында Анкараға жоспарланған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы көп қырлы қарым-қатынастарды дамытуға жаңа серпін беретініне үміт білдірді.
Президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да жан-жақты пікір алмасты. Тоқаев Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуге бағытталған бітімгершілік күштерінің тиімділігін жоғары бағалады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі